logo

Қасымжанов NAIZA турнирінде қытайлық спортшымен жекпе-жек өткізеді

Қасымжанов NAIZA турнирінде қытайлық спортшымен жекпе-жек өткізеді

NAIZA лигасы 30 мамыр күні Қарағандыда өтетін турнирдің кардындағы жекпе-жектерді жариялауға кірісті, деп хабарлайды Sport+.

Аталған турнир аясында 77 келі салмақтағы «Alash Pride» лигасының бұрынғы чемпионы Ансар Қасымжанов (4-1) NAIZA лигасында дебют жасайды. Қазақстандық спортшы Қытайдан келген Яхуи Жуға (3-0) қарсы шығады.

Жу өзінің соңғы жекпе-жегін Вьетнамның AFC лигасында өткізіп, Жихуа Янды небәрі 15 секундта нокаутқа жіберіп жеңіске жеткен.

Турнирдің басты жекпе-жегі — Қазбек Сағын мен Бағдат Жұбаныш арасындағы реванш болады.

Бүкіл кешті тікелей эфирде Sport+ арнасы көрсетеді.