Дамир Исмағұлов Қазақстанда UFC турнирін өткізу туралы пікір білдірді

Қазақстандық ММА спортшысы Дамир Исмағұлов Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Қазақстанда UFC турнирін өткізу мүмкіндігін бағалады.
«Мен UFC-де болған кезімде Астанада турнир өткізу туралы әңгіме болған. Пресс-конференция да өтті, менің жекпе-жекке шығатыным айтылды, тағы бірнеше спортшыны келісімшартқа отырғызу жоспарланған еді – бәрі Қазақстанда турнир өткізуге бағытталған болатын. Бірақ кейін белгілі бір оқиғалар (COVID) оның өтуіне кедергі келтірді.
Қазір UFC Әзірбайжанда турнир өткізгелі жатыр – егер олар соны жасай алса, біз неге жасай алмаймыз? Мысалы, Данияр Қасқарауовты алайық – ол мұндай істерді қалай жүзеге асыратынын білмеймін, бірақ ол ММА аңызы Федор Емельяненконы алып келді, жақында UFC чемпиондары Сехудо мен Баррао да келді. Сондықтан егер мақсат қойылып, сол бағытта жұмыс жүргізілсе – бәрі мүмкін.
Қазір UFC-де біздің жігіттер көп, бұл олар үшін де қызықты болар еді. Қазір біздің маңайымызда көп турнир өтуде – Абу-Даби, Баку, Шанхай. Менің ойымша, үлкен ынта болса, Қазақстанда UFC турнирін өткізу – әбден мүмкін нәрсе».
Толық сұхбатты төменнен көре аласыз.