logo

Дзюдошылар Ташкенттегі Grand Slam турниріне келді

Дзюдошылар Ташкенттегі Grand Slam турниріне келді

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Ташкентте өтетін әлемдік Grand Slam жарысына қатысады. Ташкент  төрінде бақ сынайтын балуандар белгілі, деп хабарлайды Sport+ Sportbugin.kz cайтына сілтеме жасай отырып.

28 ақпан — 2 наурыз аралығында өтетін әлемдік бәсекеге 24 елден 300-ге жуық татами шебері бақ сынайды.

Қазақстан ерлер құрамасы: 

Әлжан Нұрәділ (-60 кг)
Ердәулет Бозша (-66 кг)
Ержан Еренғайыпов (-66 кг)
Есет Қуанов (-73 кг)
Бақытжан Әбдірахманов (-73 кг)
Абылайхан Жұбаназар (-81 кг)
Айдар Арапов (-90 кг)
Ермахан Әнуарбеков (-90 кг)
Бейбіт Мадиев (-100 кг)
Марат Байкамуров (-100 кг)
Еламан Ерғалиев (+100 кг)

Қазақстан әйелдер құрамасы:

Ғалия Тынбаева (-48 кг)
Диана Буркеева (-48 кг)
Құндыз Жылқыбай (-52 кг)
Бақыт Құсақбаева (-57 кг)
Эсмигүл Куюлова (-63 кг)
Кристина Сотникова (-70 кг)
Аруна Жангелдина (-78 кг)
Назгүл Маратова (+78 кг)