logo

Қазақстандықтар Албанияда өткен еркін күрес турнирінде үш медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар Албанияда өткен еркін күрес турнирінде үш медаль жеңіп алды

Албанияның Тирана қаласында халықаралық рейтингілік күрес турнирі басталды. Алғашқы күнінде қазақстандық еркін күрес шеберлері үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Күміс медальді ел қоржынына Болат Сақаев (86 кг) салды. Финалда ол америкалық Чендлер Марстеллерге жол берді.

Қола жүлдегерлер:

Мұхаммед Балғабай (61 кг)
Рустам Мырзағалиев (86 кг)