logo

Sport+ амбассадоры Айдар Махметов – грэпплингтен Азия чемпионы

Sport+ амбассадоры Айдар Махметов – грэпплингтен Азия чемпионы

Sport+ телеарнасының амбассадоры Айдар Махметов Бангкок қаласында AIGA нұсқасы бойынша мастерлер арасында грэпплингтен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport+.

«Менің дивизионымда (+40 жас / 91 кг / Advanced) қарсылас болған жоқ. Сол себепті мені +35 жас / -100 кг / Advanced дивизионына ауыстырды. Яғни, ауыр салмаққа жақын болды. Бірақ жігіттер семіз емес, табиғи салмақтары сондай. Бойшаң, мықты жігіттер. Бірінші белдесуде америкалық қарсыласымды жылдам жеңдім: лақтыру әдісін қолданып, бірден „солтүстік-оңтүстік“ әдісімен тұншықтыру жасадым. Финалда өте күшті, физикалық тұрғыдан мықты Жаңа Зеландиялық спортшыны 2:0 есебімен ұттым. Шын мәнінде, мен чемпионаттағы ең жасы үлкен және өз салмағымдағы ең жеңіл спортшы болдым», — деп өз жеңісіне пікір білдірді Махметов.



Күн шежіресі