Sport+ күрес түрлерінен U17 және U20 Қазақстан чемпионатын көрсетеді

20 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматыдағы ADD Аренада (Нұркент, 14Б) грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Біріншілікке еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының үздік спортшылары қатысады. Олар алдағы халықаралық турнирлер, Азия және әлем чемпионаттарында ел намысын қорғау мүмкіндігін өзара сарапқа салады.
Алғашқы күні 20 жасқа дейінгі балуандар арасында еркін күрестен 52, 57, 61, 65, 70, 74, 79, 86, 92, 97 және 125 келі салмақ дәрежелері бойынша белдесулер өтеді.
Қазақстан чемпионатын тікелей эфирде YouTube-арнасынан тамашалай аласыздар.