Ненад Лалович: Азия күресте үлкен күшке айналды

UWW президенті Ненад Лалович Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Азия аймағындағы күрестің даму деңгейі туралы айтты:
«Күресте жүлдегерлердің географиясы өте жылдам өзгеруде, бұл жолы Парижде Азия бұрынғыға қарағанда көбірек медаль алды. Иә, Ресей мен Беларусь болмады, бірақ мен жалпы медаль есебінде үлкен айырмашылық боларына сенбеймін, себебі Азия күресте үлкен күшке айналды. Жапонияны көрдіңіздер — 8 алтын медаль, мұны ешкім күтпеді. Көптеген елдер өсіп келеді — Қырғызстан, Қытай, олар соңғы бес жылда айтарлықтай күшейді. Жыл өткен сайын медаль алу бәріне қиындай түседі».
Айта кетейік, Sport+ телеарнасы Азия және Әлем чемпионаттарының Қазақстан аумағындағы трансляциясы бойынша келісімшарт жасасты.
Ненад Лаловичтің толық сұхбатын Sport+ Qazaqstan YouTube арнасынан көре аласыздар.