«Дэвис кубогы» аясындағы Қазақстан – Таиланд матчының билеттері сатылымға шықты

«Дэвис кубогы» аясындағы Қазақстан – Таиланд матчының билеттері сатылымға шықты

Астанада 2026 жылғы 18–19 қыркүйекте өтетін Қазақстан мен Таиланд құрамалары арасындағы «Дэвис кубогының» II Әлемдік тобы матчына билет сатыла бастады.

Ұлттық құрамалар Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының корттарында кездеседі. Қарсыластықтың жеңімпазы командалық әлем чемпионатының I Әлемдік тобындағы күресін жалғастыру құқығына ие болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы командаларының рейтингінде 42-орында, ал Таиланд құрамасы 60-сатыда тұр.

Қарсыластық бес матчтан — төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Ойындар кестесі:

18 қыркүйек – матчтар Қазақстан уақыты бойынша сағат 13:00-де басталады

19 қыркүйек – матчтар Қазақстан уақыты бойынша сағат 12:00-де басталады

Қазақстан – Таиланд матчтарына билеттер Яндекс Афиша платформасында сатылымға шықты. Билет бағасы 5 000 теңгеден басталады және таңдалған орын санатына байланысты өзгереді.

Матчтардың кестесі мен Қазақстан және Таиланд құрамаларының құрамы қосымша жарияланады.

Ешбір турнирден қапы қалмауыңыз үшін, Beeline үй интернеті тиімді бағамен 24 сағатта қосылады.



Күн шежіресі