Демеу Жадраев грек-рим күресінен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадраев грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.
Жадраев бұл кезеңде Венгрия спортшысы Роберт Фричпен қола жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен айқас 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.