Де Росси шәкірттеріне оңай болмайды. «Дженоа» – «Зюдтироль» матчының тікелей эфирі

Де Росси шәкірттеріне оңай болмайды. «Дженоа» – «Зюдтироль» матчының тікелей эфирі

Италия кубогының 1/16 финалында «Дженоа» мен «Зюдтироль» кездеседі.

Қазіргі уақытта «Дженоаны» «Рома» мен Италия құрамасының аңыз ойыншысы Даниеле Де Росси жаттықтырады. Команда А сериясында қиындықтарға тап болып, төрт турда небәрі 1 ұпай жинады. Осы кездесулерде «Дженоа» бар болғаны екі гол соқты, оның біреуін орталық қорғаушы Йохан Васкес өз еншісіне жазды.

Жазда команда құрамын бірқатар сапалы футболшылармен күшейтті. Олардың қатарында Швейцария құрамасының жартылай қорғаушысы Джибриль Соу, «Романың» шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Томмазо Бальданци, Италия құрамасының шабуылшысы Стефан Эль-Шаарави, вингер Робиньо Джуниор, шабуылшы Лоренцо Коломбо және басқа да ойыншылар бар.

Ал «Зюдтироль» Давиде Поссанцинидің жетекшілігімен төрт матчта 8 ұпай жинап, қазіргі уақытта В сериясында үшінші орында келеді. Команданың басты ойыншыларының қатарында А сериясы клубтарынан жалға алынған жас футболшылар Фабио Рисполи («Комо»), Кевин Зероли («Милан»), Джакомо Стабиле («Интер») және басқалары бар.

Матч Астана уақытымен 21:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі