Дастан Сатпаев тағы бір жетістікке ие болды
Белгілі Transfermarkt порталы Премьер-лига ойыншылары мен барлық қазақстандық футболшылардың нарықтық құнын жаңартты, деп хабарлайды Sport+.
«Қайрат» шабуылшысы Дастан Сатпаев тек Қазақстан чемпионатының ғана емес, өз елінің барлық ойыншыларының ішінде ең қымбат футболшы атанды. Оның нарықтық құны 1,2 миллион еуроға өсіп, қазір 3 миллион еуроны құрайды.
Осылайша, 2026 жылдың тамызында Лондонның «Челси» клубының толыққанды ойыншысы атанатын «Қайраттың» 17 жастағы талант иесі Ресей чемпионатында ойнайтын үш қазақстандықты — Бақтиёр Зайнутдиновты (€2,8 млн), Нұралы Әліпті (€2,5 млн) және Максим Самородовты (€2,5 млн) артта қалдырды.
Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат ойыншылардың екінші орнын «Қайраттың» Валерий Громыко (+0,3 млн еуро) мен «Астананың» Назми Грипшиі (+0,65 млн еуро) бөлісті — олардың әрқайсысының нарықтық құны 1,5 миллион еуроға тең.