logo

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы «Қызылжарға» ауысуға жақын

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы «Қызылжарға» ауысуға жақын

Қазақстан құрамасының 36 жастағы жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков петропавлдық «Қызылжар» футбол клубының трансферлік тізіміне енді, деп хабарлайды Sport+.

2025 жылғы маусымды «Елімай» (Семей) және «Оқжетпес» (Көкшетау) құрамында өткізген тәжірибелі футболшы қысқы трансферлік терезе кезінде сербиялық бапкер Милич Чурчич жаттықтыратын командаға қосылуы мүмкін.

Өткен маусымда Мужиков 22 матчқа қатысып, 1 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар ол ұлттық құраманың қатарында 3 ойынға шықты.