logo

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) құрамы жарияланды

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) құрамы жарияланды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) бас бапкері Кирилл Кекер 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

Команданың оқу-жаттығу жиыны Алматы қаласы «Қайрат» футбол клубының базасында өтуде. Құрама сапына 36 ойыншы кірді.

Қақпашылар: Шерхан Қалмұрза, Диас Реймов (екеуі де — «Қайрат»), Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»), Мадияр Төлеубек («Ertis»), Махмуджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»);

Қорғаушылар: Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Әкежан Қалиқұлов, Райымбек Кеңесбеков (барлығы — «Қайрат»), Марк Богаачев, Хасен Артурұлы (екеуі де — «Ақтөбе»), Айдын Есболов («Ордабасы»), Шыңғыс Қалиев («Леванте», Испания), Әлихан Жексенбек, Абзал Сағын (екеуі де — «Астана»), Аманжол Бақытжанов («Тобыл»), Темірлан Төребек («Ertis»);

Жартылай қорғаушылар: Евгений Петрик, Карим Махаметжан, Мұхамедәлі Әбіш, Нұржан Еркін, Аламгир Смақов (барлығы — «Қайрат»), Әли Ақылбаев, Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Ербол Құрманахан («Жетісу»), Руслан Рахметов («Ertis»), Азамат Мусаев («Ақтөбе»);

Шабуылшылар: Мансұр Бірқұрманов, Абылай Төлеухан, Азамат Тұяқбаев, Исмаил Бекболат (бәрі — «Қайрат»), Виталий Латурнус («Ақтөбе»), Алдияр Нұрғали («Леванте», Испания), Мақсат Абраев, Ален Пак, Даниял Назаров (бәрі — «Астана»);

Бапкерлер құрамы:
Кирилл Кекер — бас бапкер,
Сергей Лабодовский — бас бапкердің көмекшісі,
Егор Скулкин — дене дайындығы бойынша бапкер,
Виталий Кувшинов — қақпашылар бапкері,
Алексей Анкудинов — бейнеаналитик,
Айдар Шабанбай — дәрігер,
Жансұлтан Сәтмағамбет — массажист,
Рахат Әкімқұл — менеджер,
Шыңғыс Алмасбаев — әкімші.

Еске сала кетейік, қарашада Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U-19) 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында алғашқы ойындарды бастайды. Матчтар Нидерландта өтеді. Кирилл Кекер шәкірттерінің қарсыластары — Нидерланд, Кипр және Ирландия құрамалары болады.



Күн шежіресі