Дастан Амангелді Жұмағұловтың кардында жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық файтер, NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Дастан Амангелді OKTAGON лигасының Братиславада өтетін турнирінде өнер көрсетеді.
Дастанның қарсыласы франциялық Моктар Бенкачи (25-10) болады.
Амангелді 2026 жылдың басында лигадағы дебюттік жекпе-жегінде Вандерлейді жеңген еді.
Турнир 6 маусым күні өтеді. Осы кештің басты жекпе-жегінде Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетіп, екінші белбеуі үшін бразилиялық Севериноға қарсы айқасады.