Болат Заманбеков қарсыласына баға берді: Жекпе-жекте бәрі болуы мүмкін

Болат Заманбеков қарсыласына баға берді: Жекпе-жекте бәрі болуы мүмкін

NAIZA 83 турнирі қарсаңында лиганың чемпионы Болат Заманбеков Sport+ сайтына берген сұхбатында алдағы жекпе-жек, қарсыласы Еламан Саясатов және дайындығы туралы пікір білдірді.

— Жекпе-жекке дайындық өте жақсы өтіп жатыр. Құдай қаласа, салмақ қуу ғана қалды. 

— Қарсыласыңыз Еламан Саясатов туралы не айта аласыз?

— Еламан — қарапайым, өте жақсы жігіт. Бізді тек жекпе-жек байланыстырады. 

— Мамандар сізді күрес жағынан мықты, ал Еламанды соққы техникасы жағынан басым деп бағалап жүр. Бұл жекпе-жекті толықтай күрес стилінде өткізесіз дегенді білдіре ме?

— Мамандардың пікірі дұрыс шығар. Бірақ бұл — жекпе-жек, мұнда бәрі болуы мүмкін. Осындай сәттерге дайын болу үшін біз айлап, жылдап дайындаламыз.

— Karate Combat лигасындағы өнер көрсетуіңіз аяқталды ма, әлде бұл лигада әлі де жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырсыз ба?

— Иә, ол жақтағы жекпе-жегім аяқталды. Ол лигада бір рет өнер көрсеттім. Қазіргі жоспарым — Қазақстандағы NAIZA, — деді Заманбеков.

Заманбеков пен Саясатов арасындағы жекпе-жек 23 мамыр күні NAIZA 83 турнирі аясында Алматы қаласында өтеді. Турнирді тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.



Күн шежіресі