Еламан Саясатов: Тік тұрып жұдырықтасуда Заманбеков маған қарсылас емес

Еламан Саясатов: Тік тұрып жұдырықтасуда Заманбеков маған қарсылас емес

NAIZA 83 турнирі аясында жауынгер Еламан Саясатов чемпиондық атақ үшін Болат Заманбековпен жұдырықтасады. Осы жекпе-жек қарсаңында «Еркін Күш» клубының өкілі Sport+ сайтының сұрақтарына жауап берді.

— Еламан, дайындығыңыз қалай және қай жерде өтіп жатыр? Дайындық барысында неге көңіл бөліп жүрсіз?

— Дайындық жақсы өтуде. Қазіргі таңда «Еркін Күш» клубында Айбек Шоқпытовтың жетекшілігімен жаттығып жатырмын. Дайындықтың алғашқы кезеңін бапкер Эдуард Базров, сондай-ақ жауынгерлер Асу Алмабаев, Санжар Әділов және Әліби Ідірісовпен бірге Осетияда өткіздім. Барлық аспектілерге көңіл бөлдік, әсіресе тактикалық дайындыққа басымдық бердік.

— Болат Заманбековпен болатын жекпе-жектен не күтесіз?

— Болат көбіне күреске сенетін шығар. Ал тік тұрып жұдырықтасуда маған лайық қарсылас емес деп ойлаймын.

— Қарсыласыңыздың күрес жағынан мықты екенін білеміз. Егер жекпе-жек барысында ұзақ уақыт күресуге тура келсе, оған дайынсыз ба?

— Мен бәріне дайынмын. Қажет болса, 25 минут бойы күресуге де дайынмын. Оның күресінен қорқатындай, ол Олимпиада чемпионы емес қой.



Күн шежіресі