logo

Биатлоннан Әлем кубогы кезеңіндегі ерлер спринті: Қазақстан құрамасының құрамы

Биатлоннан Әлем кубогы кезеңіндегі ерлер спринті: Қазақстан құрамасының құрамы

Францияның Анси-ле-Гран-Борнан қаласында өтетін биатлоннан Әлем кубогының үшінші кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы спринт жарысына қатысады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Спортшылар 10 шақырым қашықтықты екі атыс шебімен бағындырады.

Аталған жарыста Қазақстан намысын үш биатлоншы қорғайды. Спринтте Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов және Вадим Куралес стартқа шығады.

Жарыстың басталу уақыты — Астана уақытымен 18:15.



Күн шежіресі