logo

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың жекелей жарыстағы нәтижелері

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың жекелей жарыстағы нәтижелері

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир аясында әйелдер арасында 15 шақырымдық жекелей жарыс өтті.

Бұл сайыста италиялық Доротея Вирер жеңіске жетті. Екінші орын финляндиялық Соня Лейнамоға бұйырды. Франциялық Камилле Бенед үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан құрамасының спортшылары жоғары нәтиже көрсете алмады.

Ольга Полторанина — 94-орын, Айша Ракишева — 98-орын, Полина Егорова — 99-орын алды.



Күн шежіресі