Биатлоннан IBU кубогы: эстафеталарда Қазақстан атынан кімдер қатысады
Бүгін, 17 желтоқсанда, Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан IBU кубогының кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың алғашқы күнінде екі эстафеталық жарыс өтеді.
Аралас эстафетада Қазақстан құрамасы сапында Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Айша Рақышева және Лаура Қиныбаева өнер көрсетеді.
Ал аралас жеке эстафетада Полина Егорова мен Никита Акимов Қазақстан намысын қорғайды.