«Барыс» сырт алаңда «Спартактан» жеңілді
«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы матчтар сериясын Мәскеу қаласында «Спартак» командасынан жеңіліспен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу есебі — 5:3, мәскеуліктердің пайдасына. Қазақстандықтар сапында ең нәтижелі ойыншы Райли Уолш болды — оның еншісінде 2 шайба және 1 нәтижелі пас бар. Тағы бір шайбаны Майк Веккионе соқты.
Алда «Барысты» тағы бір сырт алаңдағы матч күтіп тұр — олар СКА командасына қарсы Санкт-Петербург қаласында ойнайды.