«Барыс» 0:2 есебінен таразы басын теңестірді, бірақ овертаймда жеңіліп қалды
«Барыс» хоккей клубы «Северстальмен» өткен матчпен өз алаңындағы ойындар сериясын аяқтады, деп хабарлайды Sport+.
Череповецтен келген қонақтар бірінші және екінші кезеңдерде шайба соқты. Алайда астаналықтар Всеволод Логвин мен Мейсон Морелли күш-жігерінің арқасында есепті теңестіріп, ойынды овертаймға жеткізді. Қосымша уақытта сәттілік қонақтар жағында болды.
Бапкер Андрей Кравец шәкірттері келесі матчты Мәскеуде «Спартакқа» қарсы өткізеді.