«Барыс» өз алаңында «Ладаны» сенімді түрде жеңді
«Барыс» ҚХЛ аясында өз алаңында «Ладаны» 5:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Шайбалардың авторлары — Иэн Маккошен, Кирилл Панюков, Семён Симонов, Райли Уолш және Тайс Томпсон.
Астанадағы жеңілістен кейін «Лада» плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.