logo

«Барыс» сырт алаңда «Сочиді» жеңді

«Барыс» сырт алаңда «Сочиді» жеңді

«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы екі ойында екі жеңіспен оралды. Ярославльдегі сенімді жеңістен кейін Михаил Кравецтің шәкірттері «Сочидің» қарсылығына тап болды, деп хабарлайды Sport+.

Ойынның есебі — 2:1. Сочиліктер алғаш болып 1:0 есебімен алға шыққанымен, Кирилл Панюковтың голының арқасында астаналықтар есепті теңестірді, ал овертаймда Тайс Томпсон қазақстандықтарға 2 ұпай сыйлады.

Келесі матчты «Барыс» 21 қараша күні өз алаңында «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді.



Күн шежіресі