«Барыс» маусымда үшінші рет буллит сериясында «Сібірден» жеңілді
«Бірінші канал кубогы» жарысына байланысты үзілістің алдында өткен соңғы матчта «Барыс» Астанада «Сибирь» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport+.
«Спартак» жеңгеннен кейін алаң иелерінің жаттықтырушы штабы команда құрамда тек екі өзгеріс жасады. Тамирлан Гайтамировтың орнына жетінші қорғаушы ретінде КХЛ-де дәл екі ай бойы ойнамаған Бейбарыс Оразов тіркелді. Қақпада бастапқы минуттан Андрей Шутов тұрды.
Ойынның есебі матчтың орта тұсында ашылды: қонақтар қарсылас аймағынан шығу кезінде кеткен қателікті пайдаланып, Вячеслав Лещенко жақын қашықтықтан гол соқты. Үзіліске дейін Дінмұхаммед Қайыржанның тамаша мүмкіндігі болды, бірақ ол шайбаны қақпа маңдайшасына тигізді. Новосибирліктер ұзақ уақыт бойы минималды басымдығын сақтап тұрды. Алайда матчтың соңында «Барыс» қақпашыны ауыстырып, бос қақпамен жасаған финалдық шабуылы нәтижесін берді — Мэйсон Морелли көпшілік құрамда гол салып, ойынды овертаймға жеткізді.
Қосымша уақытта алаң иелері кем дегенде екі жүзпайыздық мүмкіндікті голға айналдыра алмады. Ал буллиттер сериясында тағы да «Сибирь» ойыншылары дәлірек болды. 16 желтоқсанда қазақстандық команда Екатеринбургте «Автомобилистпен» кездеседі.