Азамат Дәулетбеков Кубок үшін күресті бастайды. Еркін күрестен Қазақстан Кубогының екінші жарыс күні тікелей эфирде

Астанада күрес түрлерінен ел кубогы жалғасуда. Екінші күні жарыс жолына еркін күрестен 61, 70, 74, 79 және 92 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар шығады.
Бұл күннің басты жұлдыздарының бірі - Париж Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, үш дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбеков. Азамат 92 келіде күреседі, дәл осы санатта ол 2025 жылы Аммандағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған еді.
Іріктеу айналымы 10:30да басталады. Жартылай финал 16:30ға жоспарланған. Тікелей эфир Sport+ телеарнасы, sportplustv.kz сайты мен sportplus_qaz YouTube арнасында.