logo

Айдар Махметов грэпплингтен әлем чемпионы атанды

Айдар Махметов грэпплингтен әлем чемпионы атанды

Sport+ арнасының амбассадоры Айдар Махметов Варшавада өткен ADCC нұсқасы бойынша грэпплингтен әуесқойлар арасындағы Әлем чемпионатында (ADCC Amateur World Championship 2025) ардагерлер (Masters) санатында — Advanced (қара белбеулілер) дәрежесінде әлем чемпионы атанды.

Айдар 87,9 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Айта кетейік, ADCC — грэпплинг әлеміндегі ең беделді нұсқалардың бірі болып саналады.