logo

Грек-рим күресінен Еуропа чемпионатының финалдарының тікелей эфирі

Грек-рим күресінен Еуропа чемпионатының финалдарының тікелей эфирі

Братислада өтіп жатқан күрестен Еуропа чемпионаты аяқталуға жақын. Енді тек грек-рим күресі бойынша құрлықтың үздіктерін анықтау ғана қалды.

12 сәуірде классиктер арасында әртүрлі салмақ дәрежесінде бес финал өтеді.

Ең жеңіл — 55 келі салмақта финалда Әзірбайжаннан Елданиз Азизли мен ресейлік Емин Сефершаев кездеседі.

63 келі салмақта Армениядан Карен Асланян мен Түркиядан Керем Камал бозкілемге шығады.

77 келі салмақта алтын үшін Грузиядан Роман Зоидзе мен Армениядан Малхас Амоян күреседі.

87 келіде Болгариядан Семен Новиков пен Венгриядан Давид Лосонцли жеңімпазды анықтайды.

130 келі ауыр салмақта ресейлік Сергей Семенов түрік балуаны Мухаммет Бакирге қарсы алтын үшін күреседі.

Финалдық белдесулер Астана уақытымен 21:00–де басталады.

Барлық финалдар мен қола үшін күрестерді тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.



Күн шежіресі