Асхат Балтабеков қарсы ойнаған ең мықты футболшыны атады

Sport+ телеарнасының Pluste Bol жобасының кезекті қонағы «Жеңіс» командасының қорғаушысы Асхат Балтабеков атанды.
Асхат Қазақстан чемпионатының екінші турында «Жеңістің» қостанайлық «Тобылға» қарсы ойынын саралап, ел чемпионатында қарсы ойнаған ең мықты футболшыны атады.
«Мен қарсы ойнаған мықты қарсылас — осыдан 3-4 жыл бұрын мансабының шыңында болған Марин Томасов. Бұдан бөлек „Қайраттың“ сапында ойнаған Вагнер Лавты атай аламын», — деді Балтабеков.
Pluste Bol бағдарламасының толық шығарлымын төмендегі плеерде көре аласыздар.