logo

АСА вице-президенті Бақытжанұлы – Баталов жекпе-жегіне болжам жасады

АСА вице-президенті Бақытжанұлы – Баталов жекпе-жегіне болжам жасады

АСА лигасының вице-президенті Руслан Хамзаев лиганың YouTube-арнасындағы подкастта Грозный қаласында өтетін АСА 198 турнирі аясында қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы мен Сулим Баталов арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамымен бөлісті:

«Асылжан ешқашан шегінбейді, әрдайым айқасқа дайын, барлық қыры сай — қолы да, аяғы да бар, күресі жақсы, физикалық дайындығы да мықты. Ал Баталовтың соққысы өте қауіпті. Оны ұлы боксшы деп айту қиын, бірақ ол табиғатынан өте дарынды, бәрі оған оңай беріледі: өте жылдам, қимылы ширақ және өте қатал. Егер файтерлерді салыстыратын болсақ, мен үшін анық фаворит — Баталов. Асылжан сәл баяулау, партерде жақсы, бірақ оны толық пайдалана алады деп ойламаймын, себебі Сулим күресті тоқтата біледі, қарсы шабуыл жасай алады. Меніңше, Баталовтың жеңіске жету мүмкіндігі жоғары — 60 на 40, тіпті мерзімінен бұрын де болуы мүмкін».

Ивент 9 қаңтар күні өтеді. Турнир толықтай тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көрсетіледі.



Күн шежіресі