АСА ұйымының өкілі Қайрат Ахметовтың дебюті туралы пікір білдірді
АСА лигасының вице-президенті Руслан Хамзаев лиганың YouTube арнасындағы подкастта Қайрат Ахметовтің дебюттік жекпе-жегіне қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық файтердің қарсыласы — Мансур Хатуев:
«Екеуінің стильдері ұқсас, Хатуев қашықтықты тез қысқартады. Оның бокс мектебі мықты, бұл дағдысы әрдайым өзімен бірге. Ахметовтің жекпе-жектері өте көп, бар болғаны екі рет жеңілген. Оның жекпе-жектерін неғұрлым көп қараған сайын, соғұрлым маған ұнай бастады — ол өте тапқыр. Бойы аса биік болмаса да, оның арсеналында өте қауіпті апперкоттар бар, әрі олар классикалық төменнен жоғары емес, түрлі хук пен оверхендтер — көргенде деміңді тартып алады. Ұзақ ойландым, бастапқыда Хатуевтің пайдасына басымдық бердім, бірақ жекпе-жектерді қайта қарап, 52 де 48 есебімен Ахметовтің пайдасына деп ойлаймын. Өте тартысты айқас болады»
Жекпе-жек АСА-ның 2026 жылғы алғашқы турнирінде өтеді. Ивент 9 қаңтар күні Грозный қаласында ұйымдастырылады.
Қайрат Ахметовтың жекпе-жегін және бүкіл турнирді тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көруге болады.