logo

Жалғас Жұмағұлов мерзімінен бұрын жеңіске жетті (видео)

Жалғас Жұмағұлов мерзімінен бұрын жеңіске жетті (видео)

Прагада өткен OKTAGON 81 турнирінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Жекпе-жек барысында Жұмағұлов қарсыласы Давид Дворжакты соққымен есеңгіретіп, дәрігер үшінші раундтан кейін чех спортшысын айқастан шығарды. Бұл UFC-дің топ-15 құрамында болған Дворжактың мансабындағы екінші мерзімінен бұрынғы жеңілісі. Бұған дейін ол 2012 жылы ғана жеңіліске ұшыраған.

Осы нәтижемен Жалғас Жұмағұлов чехиялық OKTAGON ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы атағын алғаш рет қорғады.

Айта кетейік, жекпе-жек Прагадағы O2 Arena-да 20 мың жанкүйер жиналған OKTAGON 81 турнирінің қосалқы басты оқиғасы болды.



Күн шежіресі