Екі титулдық жекпе-жек, Қайрат Ахметовтың дебюті және Асылжан Бақытжанұлы үшін маңызды сынақ. АСА 2026 жылғы алғашқы турнирін анонс жасады. Тікелей эфир — Sport+ телеарнасында.
АСА лигасы 2026 жылғы алғашқы турнирдің карды таныстырды. Жекпе-жек 9 қаңтар күні Грозный қаласында өтеді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде лига чемпионы Ислам Омаров жартылай жеңіл салмақта өз чемпиондық белбеуін Әлихан Сулеймановқа қарсы қорғайды.
Ко-мейн ивентте АСА лигасының жеңіл салмақтағы уақытша чемпион атағы сарапқа салынады. Белбеу үшін рейтингте 2 және 3 орын алатын Дауд Шайхаев пен Хердесон Батиста жекпе-жек өткізеді. Ал бұл салмақтағы негізгі чемпион — Абдул-Азиз Абдулвахабов.
Сондай-ақ негізгі кардта Қазақстанның екі файтері өнер көрсетеді. ONE лигасының бұрынғы чемпионы Кайрат Ахметов АСА лигасындағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы — ресейлік Мансур Хатуев.
Асылжан Бақытжанұлы (жартылай ауыр салмақтағы рейтингтің 11-орны) Сулим Баталовпен (7-орын) кездеседі.
АСА 198 турнирінің толық карды төмендегідей:

Бүкіл турнир тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көрсетіледі.