logo

Ақтөбедегі айқастар. Alash Pride 118 турнирінің тікелей эфирі

Ақтөбедегі айқастар. Alash Pride 118 турнирінің тікелей эфирі

13 ақпанда Актобе қаласында Alash Pride 118 ірі турнирі өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жергілікті жанкүйерлердің сүйіктісі, әуесқойлар арасындағы ММА бойынша әлем чемпионы Жәнібек Тыныштық лиганың уақытша чемпионы белбеуі үшін ONE және UAE Warriors лигаларының бұрынғы файтері Гаджимурад Гасангусейновке қарсы октагонға шығады.

Тыныштық бастапқыда UFC-дің экс-файтері Раулиан Пайвамен жұдырықтасуы тиіс болған, алайда ол Ақтөбеге ұшардан бір апта бұрын жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде Octagon лигасының бұрынғы чемпионы, ММА бойынша әлем чемпионы Мұрад Абдурахманов өнер көрсетеді. Негізгі кардта NAIZA лигасы белбеуінің бұрынғы үміткері Аслан Өтегеналиев, Alash Pride чемпионы Расул Хатаев, лиганың ең медиялық файтерлерінің бірі Ерхан Жұмабаев және басқа да спортшылар айқасады.

Ақтөбедегі айқастар. Alash Pride 118 турнирінің тікелей эфирі

Турнирдің басталуы — 18:00–де.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында, сондай-ақ YouTube желісіндегі sportplus_qaz арнасында қолжетімді болады.



Күн шежіресі