«Ақтөбе» бразилиялық жартылай қорғаушымен толықты
«Ақтөбе» 23 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Витор Гауденсио Нуньеспен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футболшы жартылай қорғаудың тірек аймағында да, плеймейкер позициясында да ойнай алады. «Пассо Фундо» клубының түлегі Бразилияның «Конкордия» командасында және Жапонияның «Кагосима Юнайтед» клубында өнер көрсеткен.