Солтүстік дербидегі жеңілмеген командалардың шайқасы: «Оқжетпес» — «Ертіс» матчының трансляциясы
Қазақстан чемпионатының 5-тур аясында «Оқжетпес» — «Ертіс» арасындағы солтүстік дерби өтеді.
Бұл кездесудің тартымдылығын арттыратын тағы бір жайт — екі команда да әлі жеңіліс көрмеген.
Көкшетаулықтардың чемпионаттағы көрсеткіші: 2 жеңіс, 2 тең ойын, оған қоса Қазақстан Кубогында «Шахтерді» жеңген. Ал павлодарлықтардың еншісінде — үш тең ойын және «Алтайды» жеңген бір матч бар.
Сондай-ақ «Оқжетпес» үшін қосымша мотивация болуы мүмкін тағы бір фактор — бапкерлер штабының басым бөлігі мен бірқатар футболшылар өткен маусымда «Ертіс» сапында өнер көрсетіп, дәл осы клубпен бірге Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған.
Матчтың басталуы — 14:00. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.