Көшбасшы мәртебесі үшін тартыс. «Астана» — «Ордабасы» матчының тікелей эфирі
«Астана» мен «Ордабасы» турнир кестесінің көшбасшысы алматылық «Қайратты» қуып келе жатқан топта тұр. Екі команда тиісінше 3 және 2 ұпайға қалып келеді.
Бұл екі ұжымның өзара матчындағы жеңіліс олардың бірін осы топтан шеттетуі мүмкін.
«Астана» Алматыдағы 0:4 есебімен болған ауыр жеңілістен кейін өз алаңына оралды. Ал «Ордабасы» өз кезегінде «Атыраумен» өткен ойында соңғы минуттарда есепті теңестіріп, 1:1 нәтижесіне қол жеткізді. Айта кету керек, шымкенттік команда бұл ойында күтпеген жерден ұпай жоғалтты, өйткені Қажымұқан стадионында фаворит ретінде алаңға шыққан еді.
Апта ортасында екі команда да кубоктық матчтар өткізді: «Ордабасы» Шымкентте, «Оңтүстік академиясы» стадионында аралас құраммен жеңіске жетті, ал «Астана» Алматыға әуесқой БКС командасына қарсы ойынға қосалқы құрамын жіберді. Матч 2:1 есебімен елордалық резервтің пайдасына аяқталды.
Енді командалар «Астана Арена» алаңында кездеседі. Матчтың басталуы — сағат 20:00.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.