Шегінер жер жоқ – артымызда Қостанай. «Тобыл» – «Қайрат» матчының трансляциясы
Турнирлік кестенің жеке дара көшбасшысы әрі қазіргі чемпион «Қайрат» бесінші тур аясында Қостанайға сапар шегіп, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогының қазіргі иегері «Тобылмен» кездеседі.
Нұрбол Жұмасқалиевтің шәкірттері жарқын бастама жасағанына қарамастан — ел Суперкубогы матчында «Қайратты» жеңгенімен, чемпионаттың алғашқы турларын сәтсіз өткізді: 4 турда небәрі 1 ұпай ғана жинады.
Айта кетерлігі, жалғыз тең ойын дәл осы өз алаңында «Жетісуға» қарсы кездесуде тіркелді.
Ал «Қайрат» маусымды «Астана Аренада» жеңіліспен бастағанымен, кейін қарқынын үдетіп, 4 матчта 10 ұпай жинап, басты қарсыластарының бірі «Астананы» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.
Сондықтан Нұрбол Жұмасқалиев пен Рафаэль Уразбахтин бұл матчқа әртүрлі көңіл күйде келіп отыр деуге болады. Дегенмен, апта ортасында екі команда да ел кубогында жеңіске жетті, бірақ олардың қарсыластары төменгі лига командалары болды.
«Тобыл» — «Қайрат» матчы 11 сәуір күні сағат 16:00–де өтеді.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.