Аңсар Қасымжановтың жекпе жегі өткізілмейтін болды

Бұған дейін белгілі болғандай Alash Pride чемпионы Аңсар Қасымжанов 21 ақпан күні Сочидегі Fight Night турнирінде жұдырықтасуы керек болатын, деп хабарлайды Sport+
«Жекпе жек болмайтын болды, бірақ еңсемді түсірмеймін және салмағымды да ұстауды жалғастырамын. Маған қойылған талаптың барлығын орындап жүрмін. Басқа ұйымдардан ұсыныс күтеміз», - деп жазды Қасымжанов әлеуметттік желіде.
21 ақпан күнгі аралас жекпе жек кешінің басты текетіресі қазақстандық Гойти Дазаев пен Дмитрий Бикрев арасында орын алмақ. Sport+ телеарнасы турнирді толығымен тікелей эфирде көрсетеді.