logo

Әмір Омарханов юниорлық Уимблдонның жартылай финалына шықты (видео)

Әмір Омарханов юниорлық Уимблдонның жартылай финалына шықты (видео)

Лондонда Уимблдонның шөп жамылғылы корттарында Ұлыбританияның жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатының жұптық разрядындағы алғашқы жартылай финалистер анықталды, деп хабарлайды Sport+ КТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Казахстандық Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен жұп құрып, ширек финалда оңтүстік африкалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджиді 6:4, 7:6 (10:8) есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік дуэттің қарсыластары кейінірек белгілі болады.

Бұл — Әмір үшін жұптық разрядтағы жасөспірімдер Гранд Слэм турнирлеріндегі екінші жартылай финал. Өткен жылы ол «Ролан Гаррос» жарысында Тимофей Дерипаскомен бірге жартылай финалға дейін жеткен болатын. Сондай-ақ, Әмір Омарханов — қазақстандық теннис тарихында жұптық разрядта жасөспірімдер арасында «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шыққан үшінші ойыншы.

Бірінші болып 1997 жылы Ирина Селютина Зимбабведен Кара Блэкпен жұп құрып, Франция ашық чемпионаты мен Уимблдонда жасөспірімдер турнирлерінің жеңімпазы атанған және АҚШ ашық чемпионатының финалына дейін жеткен. Екінші — Амина Рахим, ол 2005 жылы «Ролан Гаррос» финалында, сол жылы US Open жартылай финалында, ал 2006 жылы Australian Open жартылай финалында ойнады.



Күн шежіресі