Қазақстандық жұп Уимблдонның ширек финалына жолда. Нұрланұлы/Жалғасбай – Бондинг/Лич матчының тікелей эфирі

Қазақстандық жасөспірімдер жұбы Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің бірінші кезеңінен сәтті өтіп, енді ширек финал жолдамасы үшін британиялық-америкалық жұп — Оливер Бондинг пен Джаггер Личке қарсы ойнайды.
Оливер мен Джаггер турнирге 8-нөмірлі дуэт ретінде тіркелген. Екеуі де бірге жиі ойнайды — маусым айында олар Ролан Гаррос жарысының жартылай финалына дейін жетсе, қаңтарда Австралия Ашық чемпионатында да дәл сол нәтижеге қол жеткізген.
Матчтың басталуы — сағат 18:00–де. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.