Заңғар арманының артынан қуалайды. Нұрланұлы – Джонсон матчы LIVE

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының екінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы 6 шілдеде Уимблдон турнирінің жасөспірімдер торында өз жарысын бастайды.
Қазіргі уақытта Заңғар ITF рейтингінде 51-орында тұр. Жасы кіші болғандықтан, ол әлі бір жыл бойы жасөспірімдер санатында ойнай алады және әзірге АТР рейтингінде көрсетілмеген.
Оның қарсыласы — америкалық Ноа Джонсон. Ол АҚШ-тың жасөспірімдер арасындағы бесінші ракеткасы және ITF рейтингінде 29-орында. Сонымен қатар, Ноа ересектер турнирлеріне де қатысып үлгерген, қазіргі АТР рейтингінде 1506-орында тұр.
Нұрланұлы – Джонсон матчының басталуы шамамен 18:00-ге жоспарланған. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.