logo

Үш қазақстандық теннисші Уимблдонның екінші айналымына шықты (видео)

Үш қазақстандық теннисші Уимблдонның екінші айналымына шықты (видео)

7 шілдеде Лондонда жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің жұптық жарысы басталды, деп хабарлайды Sport+.

Бұл сайысқа үш қазақстандық спортшы қатысуда.

Қазақстандық теннисшілер Заңғар Нұрланұлы мен Дамир Жалғасбай америкалық Райан Козад — Максимус Дюссо дуэтін 7:5, 6:7, 10:7 есебімен жеңіп шықты.

Келесі айналымда Заңғар мен Дамир турнирдің сегізінші нөмірлі сеянды дуэтімен — Оливер Бондинг (Ұлыбритания) және Джаггер Личпен (АҚШ) кездеседі.

Тағы бір отандасымыз Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен жұп құрып, америкалық Матис Фарзам – Гэвин Гуди дуэтін 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Келесі кезеңде Әмір мен Егор Ресейден Тимофей Дерепаско және Италиядан Джакопо Васами жұбымен кездеседі.



Күн шежіресі