logo

Омарханов Уимблдон жартылай финалына ұмтылуда. Омарханов/Плешивцев – Доиг/Тьяги матчының тікелей эфирі

Омарханов Уимблдон жартылай финалына ұмтылуда. Омарханов/Плешивцев – Доиг/Тьяги матчының тікелей эфирі

17 жастағы Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен жұптасып, жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің ширек финалында Оңтүстік Африка өкілі Коннор Доиг пен үндістандық Крииш Тьягиға қарсы ойнайды.

Омарханов пен Плешивцев екінші айналымда турнирдің екінші нөмірлі дуэті Дерепаско — Васамиді жарыстан шығарған болатын. Ал Доиг пен Тьяги де сенсация жасады — олар үш сетке созылған матчта алтыншы нөмірлі сеянды Басиле — Васильев жұбын жеңіп кетті.

Айта кету керек, Крииш бұған дейін басқа бір қазақстандық теннисші — Заңғар Нұрланұлымен жұптасып, жыл басында Австралия ашық біріншілігінің екінші кезеңіне дейін жеткен еді.

Қазақстандық-ресейлік және африкалық-үнділік дуэт арасындағы матч 19:30–да басталады. Бұл кездесудің жеңімпаздары Уимблдонның жартылай финалына жолдама алады.

Матчтың тікелей көрсетілімі sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.