Омарханов Уимблдонда ширек финалға шықты (видео)

Қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен жұп құрып, жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.
Әмір мен Егор Ресей өкілі Тимофей Дерепаско мен Италия теннисшісі Джакопо Васамиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.
Енді қазақстандық-ресейлік дуэт Конор Дойг (ОАР) — Криш Тияги (Үндістан) жұбына қарсы ойнайды.
Айта кету керек, Дерепаско — Васами жұбы турнирдің екінші нөмірлі сеяны саналған болатын.