Алматыда шахматтан ел чемпионаты басталады

15 қаңтарда 6-дан 18 жасқа дейінгі жеті жас санатындағы юниорлар арасында уақыт бақылаудың барлық нұсқасы – стандартты (классикалық), жылдам (рапид) (рапид) шапшаң (блиц) бойынша шахматтан 2025 жылғы Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+
2024 жылы қазақстандық юниорлар Әлем, Азия және Батыс Азияның юниорлар мен мектеп оқушыларының арасындағы чемпионаттарында 121 медаль (49 алтын, 38 күміс және 34 қола) жеңіп алды. Сондықтан бұл чемпионаттың ерекшелігі – осы турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің көптеген санатында бәсекелестік болады.
Айта кетерлік жәйт, чемпионатқа қатысушылардың арасында қазір U12 жас санатында ойнайтын 2023 жылғы әлем чемпионы (U10) Данис Қуандықұлы және 2024 жылғы әлем чемпионы (U12) Марк Смирнов (U14), 2023 және 2024 жылғы әлем чемпионаттарының жүлдегерлері Айару Алтынбек пен Ханзада Аманжол (екеуі де – U14), Елназ Қалиахмет, Эдгар Мамедов және Сауат Нұрғалиев (барлығы – U16) бар.
Сондай-ақ фавориттердің қатарында былтыр жасөспірімдер арасында жүлденің ең үлкен топтамасын иеленген – 7 медаль жинаған Мария Холявко (U14), рапид бойынша 2024 жылдың әлем чемпионы Алиша Бисалиева (U8), 2024 жылғы Әлем кубогының жеңімпаздары Милана Филиппова мен Ризат Ұлан (екеуі де – U10), Азия-2024 чемпионы және 2024 жылғы Әлем кубогының жеңімпазы Нұрәлі Болашақов (U12) бар.