Жас мәнерлеп жүзушілер әлемдік жарыста бес жүлде иеленді

Елордалық мәнерлеп жүзу құрамасы Дубайда өткен Artistic Swimming World League синхронды жүзуден әлемдік жарыста үздіктер қатарынан көрінді.
АҚШ, Жаңа Зеландия, Сингапур, Ресей, Италия, Түркия және Мысыр құрама командалары қатысқан турнирде Астана құрамасы көшбасшылар қатарында болды. 12 жасқа дейінгі санатта қазақстандық спортшылар 4 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола.
Алтын жүлдеге ерікті және аралас топтар ие болды. Күміс пен қола дуэтке, ал қола жеке топтарға берілді.
Команда нәтижелері:
Бірінші орын — ерікті топ (12 жас және одан кіші)
Бірінші орын — аралас топ (12 жас және одан кіші)
Екінші орын — дуэт (12 жас және одан кіші)
Үшінші орын — дуэт (12 жас және одан кіші)
Үшінші орын — жеке (12 жас және одан кіші)
Команда құрамына Дарья Володькина, Насима Баймұхаметова, Анар Абдугалиева, Ясмин Ахметова, Айдидар Аринқызы, Малика Сәрсімбаева, Самира Багамедова, Айилин Құсембаева, Әлия Советова, Зара Сыздықова, Айзере Маликова, Дамежан Құрманғазы, Еркежан Қасенова, Айсана Исабай және Жасмин Рахимова кірді.