Семсерлесушілер Гран-при кезеңін жүлдесіз аяқтады

Саблямен семсерлесуден Тунисте өтіп жатқан Гран-при сериясының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл турнирде жүлдегерлер қатарына кіре алмады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
Ерлер арасында ең жақсы нәтижені Жанат Набиев көрсетті, ол 51-орынға тұрақтады. Артем Саркисян 59-орын алса, Назарбай Саттархан 97-орында, Бақдәулет Құралбекұлы 101-орында, ал Қуаныш Ерғашбай 102-орында аяқтады.
Әйелдер жарысында Анастасия Гулик 62-орынға ие болды, Татьяна Приходько 71-орында, Карина Доспай 97-орында, Жасмин Қапыджы 99-орында, Полина Ко 106-орында, ал София Спичева 129-орынға тұрақтады.