Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңіс
Қазақстан Республикасының отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрамасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Sport+.
Топтық кезеңдегі алғашқы матчта қазақстандық спортшылар Хорватия құрамасын 3:0 (25:16, 25:19, 25:19) есебімен сенімді түрде жеңді.
Қазақстан құрамасы келесі матчын 11 шілде күні Бразилия құрамасына қарсы өткізеді.