Альберт Ақбалықов: Какауда жаңа стиль бар, біз соған бейімделіп жатырмыз
Қазақстан футзал құрамасының ойыншысы Альберт Ақбалықов Әзербайжанға қарсы өткен екінші жолдастық матчқа (4:2) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап:
— Бүгінгі ойын біз үшін оңай болған жоқ. Бірінші матч 9:2 есебімен аяқталғаннан кейін Әзербайжан құрамасы дұрыс қорытынды шығарды деп ойлаймын, сондықтан бізге өте қиын болды. Маңғыстау облысының жанкүйерлеріне үлкен рақмет — бүгін стадион лық толы болды, барлығы бізді қолдады. Менің ойымша, дәл осы қолдаудың арқасында біз жеңіске жеттік.
Уақыт көрсетеді, бірақ қазір жағдайым жақсы, Аллаға шүкір. Германияда жасалған операциядан кейін бәрі қалыпты өтіп жатыр. Отадан өттім, енді біртіндеп бабымды қалпына келтіріп келемін. Барлығы Алланың қалауымен болып жатыр.
Мен Какаумен бұған дейін де құрамада жұмыс істегенмін, қазір оған көмектесуіміз керек. Оның жаңа стилі бар, біз соған бейімделіп, командаға пайда әкелуге тырысып жатырмыз. Көріп отырсыздар, жастарға мүмкіндік беріліп жатыр — Дәулет қақпаға шығып, жақсы нәтиже көрсетуде, жас ойыншылар басқа стильде ойнайды. Барлығы жақсы, алда әлем чемпионатына іріктеу кезеңі бар, соған дайындаламыз.