logo

Алан Құрманғалиев әлем чемпионатында бақ сынайды

Алан Құрманғалиев әлем чемпионатында бақ сынайды

23-30 қараша аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында жастар арасында әлем чемпионаты өтеді.

19 жасқа дейінгі санатта ел намысын Алан Құрманғалиев қорғайды.

Ол жекелей сында, жұптық сайыста Иран спортшысы Беньямин Фараджимен және аралас жұптық сайыста мысырлық Хана Годамен бірге өнер көрсетеді. Айта кетейік, Алан мен Хана 2022 жылы Тунисте өткен 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған еді.



Күн шежіресі